Басқару топтарын жасау

Басқару топтары иерархиясы Kaspersky Security Center бағдарламасының басты терезесінде, Басқарылатын құрылғылар қалтасында қалыптастырылады. Басқару топтары консоль ағашындағы қалталар түрінде көрсетіледі (төмендегі суретті қараңыз).

Kaspersky Security Center бағдарламасы орнатылғаннан кейін, Басқарылатын құрылғылар қалтасы бірден бос Басқару серверлері қалтасын ғана қамтиды.

Консоль ағашында Басқару серверлері қалтасының болуы немесе болмауы пайдаланушы интерфейсі параметрлері тарапынан анықталады. Осы қалтасының көрсетілуін қосу үшін Көру → Интерфейсті конфигурациялау мәзіріне өтіп, ашылған Интерфейсті конфигурациялау терезесінде Қосалқы Басқару серверлерін көрсету жалаушасын қою керек.

Басқару топтарының иерархиясын құру кезінде Басқарылатын құрылғылар қалтасына құрылғылар мен виртуалды машиналарды қосып, салынған топтарды қосуға болады. Басқару серверлері қалтасына қосалқы және виртуалды Басқару серверлерін қосуға болады.

Басқарылатын құрылғылар қалтасы сияқты, әрбір жасалған топ, алдымен осы топтың қосалқы және виртуалды Басқару серверлерімен жұмыс істеу үшін бос Басқару серверлері қалтасын ғана қамтиды. Осы топтың саясаты мен тапсырмалары туралы ақпарат, сондай-ақ осы топқа кіретін құрылғылар туралы ақпарат сол топтың жұмыс аймағындағы тиісті атаулары бар қойыншаларда көрсетіледі.

Басқару топтарының иерархиясын қарау

Басқару тобын жасау үшін:

  1. Консоль ағашында Басқарылатын құрылғылар қалтасын ашыңыз.
  2. Егер сіз бұрыннан бар басқару тобының ішкі тобын құрғыңыз келсе, Басқарылатын құрылғылар қалтасында жаңа басқару тобы кіруі тиісті топқа сәйкес келетін салынған қалтаны таңдаңыз.

    Егер сіз иерархияның жоғарғы деңгейінің жаңа басқару тобын құрсаңыз, бұл қадамды өткізіп жіберуге болады.

  3. Басқару тобын жасау процесін келесі тәсілдердің бірімен іске қосыңыз:
    • Жасау → Топ контекстік мәзірі пәрменінің көмегімен;
    • Құрылғылар қойыншасындағы бағдарламаның басты терезенің жұмыс аймағында орналасқан Жаңа топ түймесі арқылы.
  4. Ашылған Топ атауы терезесінде топтың атауын енгізіп, ОК түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, консоль ағашында берілген атауы бар жаңа басқару тобы қалтасы пайда болады.

Бағдарлама Active Directory құрылымына немесе домендік желі құрылымына негізделген басқару топтарының құрылымын құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мәтіндік файлдан топтар құрылымын жасауға болады.

Басқару топтарының құрылымын құру үшін:

  1. Консоль ағашында Басқарылатын құрылғылар қалтасын таңдаңыз.
  2. Басқарылатын құрылғылар қалтасының мәнмәтіндік мәзірінде Барлық тапсырмаларЖаңа топ құрылымы тармағын таңдаңыз.

Нәтижесінде, басқару топтарының құрылымын жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Басына оралу